16:07, 04 Сәуір 2015 | GMT +5
Астанада «Аяулы ана» тақырыбында фотокөрме өтіп жатыр (ФОТО)
АСТАНА.ҚазАқпарат - Бүгін «Болашақ» Қауымдастығы Астанадағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында ана тақырыбына арналған «Аяулы ана» фото көрмесін өткізді.

Көрермендердің назарына 15-тен астам әуесқой және кәсіби фотографтардың 40-қа жуық жұмысы ұсынылды. Суреттерде ана мен жаңа туған нәресте өмірінен алынған әсерлі сәттер көрсетілген. Көрме екі күнге жалғасады.