Астанада аяз күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, алдағы үш күнде елордада ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
5 желтоқсанда күн бұлтты болады. Түнде тұман түсіп, шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -12...-14 °C, күндіз -8...-10 °C.
6 желтоқсанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде -19...-21 °С, күндіз -14...-16 °С көрсетеді.
Жұма, 7 желтоқсанда қар жауады. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -22...-24 °C, күндіз -17...-19 °C құрамақ.