Астанада аяз салдарынан екінші ауысыммен оқитын 1-4 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада екінші ауысыммен оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді.

Астанада аяз салдарынан екінші ауысыммен оқитын 1-4 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді

Бұл туралы астаналық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске салайық, оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың  қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында  1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен болғанда; 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда; 1-11(12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін)  - 35 градустан төмен болғанда Астана қаласы әкімдігімен келісілген білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың параметрлері белгіленген болатын.