Астанада аязға байланысты тегін такси ұйымдастырылып, ыстық тамақ таратылды

қайырымдылық
Фото: Астана әкімдігі

Аязды ауа райына байланысты елордалық мешіттер «10 игі іс» акциясын қолдап, адамдарды тегін тасымалдайды және коммуналдық қызмет мамандарын ыстық түскі аспен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Kazinform әкімдікке сілтеме жасап.  

Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр.

Басты мақсат — қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

тегін такси
Фото: Астана әкімдігі

«Мұндай акцияларды өткен жылдары да ұйымдастырғанбыз. Астананың аязды күндерінде азаматтарымызға көмек қолын созғымыз келеді. Өзге жүргізушілерді акцияға қосылуға және тұрғындарға көмектесуге шақырамыз», — деп атап өтті Астананың бас имамы Ерболат Жүсіпов.

тегін такси
Фото: Астана әкімдігі

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елордалық еріктілер тұрғындарға ыстық шай мен бауырсақ тарату акциясын бастаған болатын.

пресс-служба акимата г. Астана
Фото: Астана әкімдігі

Олар аялдама кешендерін аралап, автобус салондарында кондукторларға, жүргізушілерге және жолаушыларға ыстық шай мен бауырсақ таратқан.

Қала тұрғындары эстафетаға қолдау көрсете алады, сол сияқты ізгілік акциясы аясында өз аккаунттарында #мейірімдіболуәдет, #добротаобразжизни #моднобытьдобрым хештегімен ақпараттар немесе видеолар жариялай алады.

тегін ыстық тамақ
Фото: Астана әкімдігі

Бұл күндері Астанада саршұнақ аяз күшейіп тұр. Ауа температурасы -30 градус аязды көрсетіп тұр.

Қала тұрғындары мен қонақтары абай болғаны, жарақат алып, үсік шалмас үшін көшеде ұзақ уақыт жүрмегені жөн.

жақсылық жаса
Фото: Астана әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар