Астанада аязға байланысты төменгі сыныптардың сабағы тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қатты аязға байланысты 1-4 сынып оқушыларының сабағы тоқтатылды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінен.
Елорданы екінші апта бойы қатты аяз буып тұр. Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін сынап бағанасы 34 градусқа дейін төмендеді.