Астанада әйел мен екі бала иіс тиіп уланды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Астанада әйел және екі бала иіс тиіп уланды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Астанада әйел мен екі бала иіс тиіп уланды - ҚР ТЖМ

Дүйсенбі, 29 қазан күні Астана қаласындағы Оқжетпес көшесінде орналасқан үйлердің бірінде қатты отынмен жанатын пеш ақаулығының салдарынан үш адам иіс тиіп уланды. 1977 жылғы әйел, 9 және 12 жасар екі бала ауруханаға жеткізілді.