10:36, 23 Ақпан 2016 | GMT +5
Астанада әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты басталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 23 ақпанда Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты басталады.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келетін 85 қатысушы 10 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салмақ, деп жазады 24.kz Бокс федерациясына сілтеме жасап.
Бұл біріншілікте топ жарып, көзге түскендер 19 мамырда елордада өтетін әлем біріншілігіне жолдама алады. Үздік атағына таласатындар қатарында Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Мәдина Нұршаева, Мөлдір Базарбаева секілді танымал боксшылар бар. Ел біріншілігінің ресми ашылу салтанаты сағат 15:00-ге жоспарланған. Кіру тегін.