Астанада әйелдер қауымының саны басым

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Республика елордасы Астанада әйелдер қауымы басым. Бұл туралы Денсаулық сақтауды дамыту орталығы хабарлады.

Астанада әйелдер қауымының саны басым

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, еліміздің бас қаласында 51,6 пайыз әйел адам тұрады екен. Сәйкесінше, ерлер қауымы тұрғындардың 48,4 пайызын құрайды.

 Ал жалпы қаладағы халық саны 750 мың адамға жетіп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда биыл елорда тұрғындарының саны 6,4 пайызға артқан.

 Астанадағы туу көрсеткіші 1 мың адамға шаққанда - 25,1, өлім-жітім - 4,6, ал табиғи өсім  20,4-ті құрады.