Астанада әйелдер мен жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жастар» сарайында Астана қаласының әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
None
None

Жәрмеңкеге жұмыс іздеген жүздеген елорда тұрғыны мен қонақтары келуде. Бұл биыл өткізіліп отырған бесінші жәрмеңке, және бұл жолы шара әйелдер мен жастарға арналған, себебі Жұмыспен қамту орталығына жүгінетіндердің 60% әйелдер.

- Бұл үлкен жәрмеңке, оған 60 жұмыс беруші қатысуда. Бүгін түрлі салалардан бос орындар ұсынылып отыр, атап айтқанда, қызмет көрсету саласы (қонақ үйлер, мейрамханалар, дүкендер, сауда үйлері), құрылыс секторы, білім және денсаулық сақтау саласы, техникалық мамандықтар бойынша және ішкі істер органдарынан да бос орындар бар, - деді Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының басшысы Омар Олжас.

Жалпы, биыл елордада 12 бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Қазіргі кезде төрт жәрмекенің қорытындысы бойынша 116 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Биыл Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқандардың тең жартысы әйелдер. Жыл басынан бері 2 246 адам жұмысқа орналасқан, олардың 1 086 әйел.

919 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, оның ішінде 620-ы қыз-келіншек.
null null

Соңғы жаңалықтар