18:08, 07 Наурыз 2013 | GMT +5
Астанада әйелдер мерекесіне арналған концерт өтті
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Халықаралық әйелдер мейрамына арналған мерекелік концерт өтті.

Кеш кезінде Роза Рымбаева, Алмас Кішкенбаев, Қарақат Әбілдина, Бейбіт Қорған, Гүлнар Досматова, Еркеш Дәулетқанов, Серік Ибрагимов, Сәкен Майғазиев, Маржан Арапбаева сынды танымал әртістер ана туралы жырларын шырқап, әйел бақытына арналған әндерін тарту етті. Сондай-ақ «МузАрт», «Тарлан», «Манго», «Денар» топтары және «II Canto» квартеті өз өнерлерін ортаға салды. Концерт «Астана» эстрада-симфониялық оркестрдің сүймелдеуімен өтті.