Астанада әйелдің үстіне жарнама баннері құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада соққан бораннан13 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Травматология және ортопедия ҒЗИ сілтеме жасап.

Астанада әйелдің үстіне жарнама баннері құлап кетті

«10 қаңтар күні травмалық пунктіге 73 адам жүгінді, оның 46-сы көшеде жарақат алған. 11 қаңтар күні таңғы сағат 8-ден 15:00-ге дейін 17 адам келген, оның ішінде 13 адамға көшеде зақым келген», - делінген аталған мекеме таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, Астанада 1984 жылы туған әйелге жарнама баннері құлап түсіп, сол жақ жауырынына зақым келген. Ал 1950 жылы туған ер адам қатты желден бизнес-орталыққа барып соғылып, тобық буынын қозғап алды.

Қазіргі уақытта травмалық пункт штатты режимде жұмыс істеп тұр, қарбалас жағдай тіркелген жоқ.