Астанада аймақтағы ең ірі хореография академиясының құрылысы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Базис» компаниясы Қазақ Ұлттық хореография академиясының құрылысына кірісті, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметінен.
None
None

Хореография академиясының құрылысы Астанада, Хусейн Бен Талал даңғылынан солтүстікке қарай, ЭКСПО-2017 қалашығы мен Ботаникалық бақтың маңында жүргізілуде. Академия төрт корпустан тұрады: оқу, балеттік, театрлық және тұрғын үй корпустары. Оларды бір-бірімен галерея байланыстыратын болады. Оқу корпусында жалпы білім беретін мектеп, колледж және институт болмақ. Сол жерде заманауи сауықтыру кешені мен көпсалалы спорттық зал орналасатын болады. Балет корпусында 21 балет залы болады. Әрбірінде қолайлы демалыс аймағы көзделген.

Театр ғимаратында классикалық ярус нұсқасымен жасалған 800 орынға шақталған көрермен залы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар