Астанада Айтматов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Ш. Айтматов көшесінде инженерлік желілерді қайта жүргізу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, аталған көшеде 27 қыркүйектен 10 қазанға дейін көлік қозғалысы ішінара жабылады.
«№12, №14 Угольная және Ш. Бейсекова көшелерімен өтетін магистралды автожол салу, Н. Тілендиев даңғылынан Қорғалжын тас жолына дейінгі учаскедегі Ш.Бейсекова көшесін салу» жобасын іске асыру шеңберінде көпірден бастап Қорғалжын тас жолына дейінгі учаскеде Ш. Айтматов көшесі бойында инженерлік желілерді қайта орналастыру жұмыстары жүргізілетін болады», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, аталған учаскеде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты жылдамдық режімі сағатына 40 шақырымға дейін шектеледі.
Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.