Астанада Әз Наурыз тойланды (ВИДЕО, ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Ұлыстың Ұлы күні дүркіретіп тойлануда. «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығына қарама қарсы орналасқан "Ғашықтар" саябағында да көп халық жиналып, мереке көрігін қыздыруда.
Саябақ аумағында 10 шақты киіз үй тігіліп, сахна орналастырылып, қаланың шығармашылық ұжымдары қала халқы мен қонақтарына арнап концерт қоюда. Сонымен қатар, халық арасында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ойнатылуда.
«ҚазАқпарат» мерекеден түсірілген фоторепортажды оқырмандар назарына ұсынады.