Астанада азаматтарға тегін құқықтық кеңес берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ювенальдық сот төрағасы Н. Раззақ, судья Ж. Алпысбаева, Астана қаласы Сарыарқа аудандық прокуратурасының өкілі А. Қожахметова, «Медиацияны дамыту орталығы» қауымдастығының президенті Г. Нарбаева, медиатор Н. Төлекеева, Астана қаласы Есіл аудандық ІІБ-ның өкілі Е. Мәмбеталиев, Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі заң кеңесінің қорғаушысы А. Карпееваның қатысуымен ашық есік күні өтті.

Астанада азаматтарға тегін құқықтық кеңес берілді

Күн тәртібінде медиация тәсілін қолдануға, сонымен қатар, кәмелетке толмағандар істері бойынша құқық қолдану тәжірибесіне, соның ішінде, алимент төлеуден жалтару туралы жеке шағымдарды қарауға, бала асырап алуға, тұрғылықты жерін анықтауға, кездесу тәртібін анықтауға, ата-аналық құқығынан айыруға қатысты мәселелер талқыланды.

Іс-шара аясында өздерін толғандырып жүрген сауалдарды қойған барлық азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетіліп, кеңес берілді.