Астанада «Азаматтық қоғам және ұлттық идея: журналистер көзімен» байқауының жеңімпаздары марапатталды

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанадағы «Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығында «Азаматтық қоғам және ұлттық идея: журналистер көзімен» республикалық жас журналистер байқауының нәтижесі шығарылып, жеңімпаздар марапатталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Байқау Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Алаш рухы - Сарыарқа» қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жас журналистер арасында азаматтық қоғам мәселелеріне қалам тарту жағы төмен болғанымен, байқауға қатысуға ниет білдіргендердің саны көп болған.

«Қазақстан өзінің 18 жылдық тәуелсіздігінде жан-жақты қарыштап дамыды. Оған бәрі куә. Ал журналистиканың ең басты мақсаты елдің жеткен жетістіктерін халыққа сол күйінде жеткізе білу. Үкіметтік емес ұйымдардың қалыптасуын, олардың мемлекетпен қоян-қолтық жұмыс істей отырып, қоғамды өркендетуде, оның ішінде әлемдік өркениетке жекізудегі үлестерін көрсете білу - журналистердің шеберліктерінің арқасында деп білемін», - деді Президент аппараты жанындағы Ішкі саясат басқармасы мәдениет бөлімінің сектор меңгерушісі Қуат Бораш.

Қазылар алқасының шешімі бойынша, бірінші орынды - «Нұр Астана» жастар апталығының шолушысы Құралай Рахымбаева, екінші орынды - ҚР Үкіметі веб-сайтының шығарушы редакторы Саягүл Жарылқасын иеленді.

Соңғы жаңалықтар