Астанада Азаптауға қарсы Ұлттық алдын алу тетігі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметінен хабарланды. - Үйлестіру кеңесі осы, біздің елімізде алғашқы рет құрылған, тетікті реттеу бойынша едәуір жұмысты жасады, - деді Кеңестің Төрағасы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров. - Бұл қызметке БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің, БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының, Омбудсмендер халықаралық үйлестіру комитетінің, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Адам құқықтары саласындағы Сұхбат бойынша серіктестердің және басқа да шетел әріптестердің жағынан жағымды баға берілді. Сондай-ақ, 2015-жылда жабық мемлекеттік мекемелерді мониторингтік алдын ала болуларды өткізу бойынша ҰААТ қатысушыларын іріктеуге байланысты талқылау өтті. Алдыңғы екі күн ішінде Үйлестіру кеңесінің мүшелері ұсынылатын талаптарға сәйкестігі мәнінде барлық 147 кандидаттың өтінімдері мен мәліметтерін жан-жақты зерделеді.
- Жабық институционалдық мекемелерді мониторингтеу саласындағы мамандық білімі, тәжірибесі, адам құқықтары саласындағы тиісті біліктілігі және ол барар мекеме не ұйымның ерекшеліктерін білетін кандидаттарға артықшылық беру қажет, - деді омбудсмен А. Шәкіров.
Бұдан басқа, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және Үйлестіру кеңесінің шешімдерін тиімді жүзеге асыру, мемлекеттік органдар қызметкерлерін және мандат астындағы мекемелердің персоналын оқыту, БАҚ-тармен ҰААТ-тың әрекеттесуі сияқты мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.
Қарашада өткен БҰҰ Азаптауға қарсы конвенциясын сақтау туралы Қазақстан Республикасының ұлттық баяндамасын қорғауға қатысқан Кеңес мүшелерінің ақпараты тыңдалды және Азаптауға қарсы комитеттің ұсыныстарын жүзеге асыру мәселесі бойынша ұстанымдар айтылды.
Отырыс нәтижесінде ҰААТ Үйлестіру кеңесі 2015-жылдағы ҰААТ мүшелерінің корпусын және тиісті өңірлік топтарды құрды, сондай-ақ ҰААТ жұмыс жоспары бекітілді, азаптауға қарсы әрекет жасау тетікті бұдан әрі жетілдіру қатысты бірқатар ұсыныстар қабылданды.