Астанада Азия университеттері альянсының форумы өтіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада Азия елдері университеттері альянсының форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық оқытушылар мен қызметкерлер Азия университетттері альянсы желісі аясында ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу конференцияларына, тәжірибе алмасу бағдарламаларына жиі қатысуға мүмкіндік алды. Біз альянс жұмысының белсенді қатысушысымыз және оны мақтан тұтамыз. Біз Азиядағы жоғары білімнің дамуына өз үлесімізді қосуға тырысамыз», - деді Әлихан Смайылов елордада өтіп жатқан Азия университеттері ректорларының форумында.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы пандемиядан кейін кез келген жағдайға дайын болу керектігін айтты.

«Пандемиядан кейін біз технологиялық революция тудырған әлемде болып жатқан жылдам өзгерістерге дайын болуымыз керек. Бүгінде әртүрлі салада, әсіресе білім беру саласындағы инновациялық шешімдерге сұраныс жоғары. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстандағы жоғары білім саласындағы маңызды оқиғалармен бөліскім келеді», - дейді ол.

Айта кетсек, Азия университеттерінің альянсына 15 жоғарғы оқу орны кіреді. Олар Цинхуа университеті, Назарбаев университеті, Гонконг ғылым және технологиялар университеті, Токио университеті, Сеул ұлттық университеті, Сингапур ұлттық университеті, Үндістанның Бомбей технологиялық институты, Индонезия университеті, Чулалонгкорн университеті, Малая университеті, Коломбо университеті, Янгон университеті, Бейжің университеті, Біріккен Араб Әмірліктерінің университеті, Сауд Король университеті.


Соңғы жаңалықтар