Астанада азық-түлік арзан бағада сатылып жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Жамбыл облысының фермерлерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Астанада азық-түлік арзан бағада сатылып жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Жамбылдықтар 120 тонна өнім әкеледі. Бірінші партияға азық-түліктің 17 түрі кіреді, оның ішінде көкөністер мен жемістер, сүт және ет өнімдері бар. Жамбыл облысының Ауыл шаруашылық басқармасы елордалық нарықта баға мониторингін жүргізді. Осыған байланысты, жәрмеңкедегі бағалар 15-20% арзан болады. Еске сала кетейік, 2015 жылдың 22 тамызынан 22 қыркүйегіне дейін «MEGA» СОО алдында әр аптаның демалыс күндері Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкелер өткізілетін болады.