Астанада азық-түлік тапшылығы байқалмайды
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгінде елорданың өзін-өзі азық-түлік өнімдерімен қамту көлемі өсіп келеді. Бұл туралы Астананың азық-түлік белдеуін дамыту мәселесіне арналған жиында қала әкімінің орынбасары Ерсайын Нағаспаев мәлім етті.
Оның хабарлауынша, 2011 жылы Астананың азық-түлік белдеуінен дүкен сөрелеріне жеткізілген өнімдердің көлемі 13 пайызды құраса, өткен жылы бұл көрсеткіш 35 пайызға жетті. «Демек, динамика бар. Сондықтан біз бұл көрсеткіштерді арттыратын боламыз деп ойлаймын. Байқап қарасаңыз, бүгінде қалада азық-түлік өнімдерінің тапшылығы байқалмайды, бірде-бір өнім түрі бойынша тапшылық жоқ. Оған кез келген дүкенге барып, көз жеткізуге болады», - дейді Е.Нағаспаев.