Астанада азық-түліктің сапасы халықтың көзінше тексеріліп отырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары мен қонақтары базардан сатып алынған азық-түліктердің сапасын қолма-қол тексере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.
None
None

24 тамыз күні (сағат 14:00-де) «Әсем»  базары аумағында  «Қауіпсіз азық-түлікті таңдап ал» атты акция өтеді.

«Әр тұрғын және қала қонақтары алған азық-түліктерінің қауіпсіздігін және сапасын сол жерде анықтай алады. Акция мақсаты - тұрғындардың  қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы ақпараттандырылуын жоғарылату», - делінген таратылған хабарламада.

Базар аумағында Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау  департаментінің, Астана қаласының Ұлттық сараптама орталығы филиалының, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары тұтынушыларға Астана тұрғындарының қоғамдық денсаулығын нығайту және қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық тазалықты қамтамасыз ету, қауіпсіз азық-түлік пен дұрыс тамақтануды насихаттау мәселелері бойынша кеңестерін беруге дайын.

Астана қаласының Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандары Қазақстан Республикасының әр аймағынан әкелінген көкөністердегі нитраттардың қалдығына, тағамдардың микробтық ластануына, сүт өнімдерінің қышқылдығына, балдың таза, ешбір қоспасыз болуына тегін лабораториялық экспресс-зерттеу жүргізеді.

Акция сауда нысандарының аумағында, соның ішінде базар және қаладағы сауда орталықтарында тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады.

Соңғы жаңалықтар