Астанада Б.Шәкімовтың «Қыр астында не бар?» атты кітабының тұсаукесері өтті
Б.Шәкімовтың кітабы 2010 жылы «Российский писатель» баспагерлер үйінде басылып шығып, ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында Мәскеуде қалың жұртшылыққа таныстырылды.
Кітапқа әр жылдары жазылған әңгімелер мен повестер енді. Автор заманның қатерлеріне бірігіп қарсы тұратын, үкілеген үміттерін үлкен сенімге ұштастырып, араласып-құраласып бірге өмір сүретін қазақтар мен орыстар туралы және Ақжайықтың дарқан даласы жайында лирикалық және монументалдық картинаны көз алдыңа әкеледі.
«Бұл тамаша орыс прозасы. Бірақ маған орыс оқырманына, ол қазақ халқының рухани болмысын ашты және ол сөзсіз қазақтың ұлттық жазушысы», - деді Ресей Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, «Российский писатель» газетінің бас редакторы Николай Дорошенко.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі Б.Шәкімов «Қыр астында не бар?» кітабы үшін В.Пикуль атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың дипломымен және алтын медалімен марапатталды.
Б.Шәкімов, әңгімелері қазіргі орыс прозасының «Таңдаулы» айдарына енген жалғыз қазақстандық жазушы.