18:00, 27 Мамыр 2016 | GMT +5
Астанада БАӘ Президентінің грантына қазақ-әмірліктер орта мектебі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның өзге елдердегі елшілерімен өткізетін дәстүрлі брифингісіне қатыса отырып, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Лама-Шариф осылай хабарлады.

«Жаңа оқу жылының қарсаңында Астанада 900 оқушыға арналған Қазақ-Әмірліктер орта мектебі ашылады. Аталған оқу орны «Әбу Даби Плаза» кешені мен «ЭКСПО» халықаралық көрмесі ғимаратының арасында орналасады. Мектеп БАӘ президенті, шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянның қайырымдылық қорының 13 млн долларды құрайтын өтеусіз гранты есебінен бой көтереді», - деп хабарлады Қ.Лама-Шариф.