08:39, 30 Мамыр 2013 | GMT +5
Астанада бағыттық автобустар соқтығысып, екі бала ауруханаға жатқызылды
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Елордадағы Көктал-2 ықшамауданында сәрсенбі күні кешқұрым №126 (№1 автопаркке тиесілі) және №34 (№7 автопаркқа тиесілі) бағыттағы «Hynday» автобустары соқтығысты.

Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлайды.
Жарақаттанған 4 жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Ал 5 жастағы бала және жаңа туған нәресте ауруханаға жатқызылды.