Астанада БАҚ арасында жол қауіпсіздігі бойынша шығармашылық байқау өтеді - ІІД

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қыркүйектен бастап, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне қоғам назарын аудару мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының арасында қалалық шығармашылық байқау өткізіледі, деп хабарлады astana.kz.
None
None

Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, байқау мақсаты - мемлекеттік билік пен қоғам тарапынан жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында міндеттерді шешу. Осы тақырыптағы ақпараттық материалдардың сапасын және кәсіби деңгейін арттыру, қоғамда әкімшілік полицияның жағымды имиджін қалыптастыру; сонымен қатар, халықты құқықтық тәрбиелеу мен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін күштерді біріктіруге ықпал етеді;

Байқауға өңірлік (өңіраралық) БАҚ-тың штаттық және штаттан тыс қызметкерлері, шығармашылық бірлестіктер, авторлық ұжымдар, журналисттер, штаттан тыс авторлар, дизайнерлер мен фототілшілер қатыса алады. Байқау қорытындысы 20 қазанда шығарылады, жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен биыл қараша айында өтетін республикалық БАҚ байқауына жолдама алады. Байқауға қатысушылар шығармашылық материалдарын 2014 жылғы 10 қазанға дейін Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасына (Астана қ., Бейбітшілік к-сі,19, байланыс телефоны 71-62-46) жолдауы керек.

Соңғы жаңалықтар