Астанада «Бала дауысы» байқауының іріктеуі өткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9-10 шілдеде Астанада Әлия Назарбаеваның «Бала дауысы» І Ұлттық балалар ән байқауының іріктеуі өткізілді. 7 - 13 жас аралығындағы елорданың кішкентай тұрғындарының тамылжыған қайталанбас дауыстары М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында шырқалды.
None
None

21 мамырдан бастап елдің 8 аймағынан 1 487 бала бас кейіпкеріне айналған балалық шақ пен музыканың қайталанбас меркесі бас қаланың Туған күнін тойлау  қарсаңында Астанада өтті. 185 ұл мен қыз таң сәріден бастап Оқушылар сарайының холында дауыстарының мәнерін келтіріп, ал ең тапқырлары тура Есіл өзенінің жағасында тыңдауға дайындалып жатты.

«Астананың бүкіл сұлулығын тамашалап, оны туған күнімен құттықтау үшін Астанаға туыстарымызға келдік! Өзен жағалауында серуендеуді шештік, бұл жерден шырқап ән салған балаларды көріп таң қалдық! Бұл сондай  керемет әрі ғажайып болды, өйткені балалардың тамылжыған дауыстары мен балбұл жанған жайдарман жүздері бейбітшілік пен игілікітң нышаны! «Бала дауысына» сәтті сапар тілейміз және туған Ақтау қаласында өтетін кастингке балаларымызды міндетті түрде ертіп әкелеміз» - деп Сәуле Әбдрахманова өз ойымен бөлісті.   

Отан туралы лирикалық әндер, балалық армандар туралы көңілді туындылар, балалардың орындауындағы танымал хиттер белгілі «Ринго» тобының солисі Данияр Өтеген бастаған кәсіби қазылар алқасының мүшелеріне қатты ұнады.

Данияр «Астананың ең үздік бала дауысының» тәлімгері болады және күз соңында болатын байқаудың финалында оны өнер көрсетуге дайындайды. «Бүгін біз өз таңдауымызды жасадық. Оңай болмағанын мойындаймыз, өйткені жүзден бір ғана жүйрікті таңдау керек еді. Біз әрбір балаға мұқият көңіл бөлдік және оларды жүрегімізбен тыңдадық! Бізді алда ұзақ әрі өте қызықты жол күтіп тұр. Байқаудың финалына өте мұқият дайындаламыз: қазан айында барлық аймақтан келген балалар Алматы қаласындағы «Бала дауысы» театр студиясында тәлім алады. Әрбір балаға арнап мүлдем жаңа ән жазылады - біздің байқауымыздың басты ерекшелігі де осында! Біздің жеңімпазымыз сияқты барлық балалар өздерін беделді ұстап, оларды біздің барша телекөрермендер сүйіп тыңдайды деп үміттенемін, өйткені олардың табиғи дауыстарына көп нәрсе тәуелді болады», - деді Данияр.

«Астананың ең үздік бала дауысы» және «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының финалисі 13 жасар Мәлика Смағұлова болды, бұл вокалдық қабілеті жоғары бала. Мәлика №54 мектеп лицейінде оқиды және Айман Мұсақожаеваның музыка мектебінде музыкалық білім алуда. Мәлика ән салумен 5 жасынан бастап шұғылданып келеді, фортепианода ойнап, өз репертуарын джаз, поп және  R&B мәнеріндегі әндермен толықтырып отырады.

Байқаудың соңғы сынына жолдама ретінде берілген «Таңғажайып нотаны» алғаннан кейін Мәлика: «Менің ең ізгі арманым - айтулы әнші болу. Бүгін менің көңілім толқып тұр, көкірегімді қуаныш пен бақыт кернеп тұр. Мен қашан да жеңіске қол жеткізгім келетін және сол жеңіске бар жан тәніммен ұмтылдым. Маған қолдау көрсетіп, маған сенім білдірген жандардың барлығына алғысымды білдіремін!», - деді.

«Бала дауысы» байқау еліміздің кең даласын шарлап, өз шығармашылық жолын жалғастырады, бірнеше күннен соң команда Солтүстік Қазақстан облысына ат басын тірейді. 

Соңғы жаңалықтар