Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада бала тәрбиесіне көңіл бөлмеген 9 ата-ана жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық ІІД ювеналды полиция қызметкерлері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының аясында «Балалар саяжайда» атты жедел алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Астана қаласының ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Астанада бала тәрбиесіне көңіл бөлмеген 9 ата-ана жауапкершілікке тартылды

Іс-шара шеңберінде балалар панасыздығының алдын алу бойынша оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау, алдағы уақытта жағдайлары төмен және берекесіз отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жұмыстар жүргізілді.

Рейд жүргізу барысында полиция қызметкерлері білім беру органдарының өкілдерімен бірлесе 600 саяжай учаскелерін аралап,тексерді. Нәтижесінде аумақтық ІІБ-на 13 жасөспірім жеткізіліп, соның ішінде 8-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Балаларды тәрбиелеудегі міндеттерді орындамағаны үшін 9 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел алдын алу іс-шарасының барысында саяжайлық қоғамының аумағының бірінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасының асырауындағы кәмелеттік жасқа толмаған 3 бала анықталды, ішкі істер органдарына профилактикалық есепке тұрғызу үшін 6 берекесіз отбасы жеткізілді. Одан басқа, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы 6 бала анықталды. Алдағы уақытта анықталған фактілер жөніндегі ақпарат Білім басқармасына аталмыш отбасыларға көмек көрсету үшін жіберіледі.