Астанада балабақша тәрбиеленушілерінің көрмесі ашылды

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Астанадағы Қазіргі заманғы өнер мұражайында № 27 «Балауса» балабақшасының тәрбиеленушілерінің әр түрлі жылдарда салған туындыларының көрмесі ұйымдастырылды.

Астанада балабақша тәрбиеленушілерінің көрмесі ашылды

Тұңғыш рет өткізіліп отырған көрмеге балалардың қылқаламынан шыққан 50 сурет, сурет салу барысында түсірілген бүлдіршіндердің 27 фотосуреті, сондай-ақ «Әлем балалары сурет салады. Қазақстан» атты қазақстандық бүлдіршіндердің суреттері енген альбом қойылды.

Бұл альбом ЮНЕСКО-ның бастамасымен көптеген жылдар бойы жарық көріп келеді.

Көрмеге қатысқан балалардың дені қалалық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары.

Көрме 27 наурыз бен 3 сәуір аралығында жұмыс жасайды.

календарь күнтізбе
Ұқсас жаңалықтар

4 мамыр. Kazinform күнтізбесі. Жылнама