Астанада балабақша тәрбиеленушісі менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

«№32 балабақшада 28 мамырда «іріңді менингит» жұқтырған деген күдікпен бір жағдай тіркелді. Бүгінде науқас стационарлық ем қабылдауда. Нақты диагноз анықталған жоқ, клиникалық талдаулар әзірге дайын емес», - делінген хабарламада. «Инфекциялық аурудың таралуына жол бермеу мақсатында балалар мекемесінің басшысына Астана қалалық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізу, топта 10 күнге шектеу шараларын (топқа жаңадан бала қабылдауға, топтан-топқа ауыстыруға, көпшілік орындарына баруға және т.б.) енгізу туралы қаулысы берілді», - деп хабарлады ведомстводан. Сондай-ақ 26 бала мен 7 қызмет көрсететін персоналға менингококк инфекциясын анықтау мақсатында бактериологиялық зерттеу жүргізілді, оның нәтижесі бойынша инфекция тасымалдағыш анықталған жоқ.