Астанада балабақша тәрбиешілері қанша жалақы алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана балабақшаларындағы электронды кезекте 7,7 мыңға жуық бала тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада балабақша тәрбиешілері қанша жалақы алады

«Қазіргі жағдай бойынша «INDIGO: электрондық балабақша» электрондық порталында 3 жастан 6 жасқа дейінгі 7 696 бала кезекте тіркелген. Бүгінгі таңда елордадағы балабақшаларға 50,8 мың бала барады», - делінген қалалық білім басқармасының ҚазАқпараттың ресми сауалына берген жауабында.

Қалада түрлі типтегі 430 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Олардың ішінде 99 мемлекеттік және 314 жеке меншік мемекем бар. Яғни, жылдық бюджеті 11,9 млрд болатын мемлекеттік дотация алаясында 27,7 мың тәрбиеленуші тәлім алады.

Ресми дерек бойынша, мемлекеттік балабақшалардағы тәрбиешілер 220 мың теңге, тәрбиешінің көмекшісі (күтуші) – 81,9 мың теңге алады.

Мемлекеттік балабақшаның жалпы білім беру тобындағы жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері айына 41,7 мың теңге болады. Тәрбиеленушілер күніне 10,5 сағат балабақша қарауында болады. Ата-аналар төлемі есебінен 16,8 мың теңге сомасында таңғы ас, түскі ас, түстен кейінгі ас беріледі.

Түзету тобында жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері 91,1 мың теңге болады. Мұнда да тәрбиеленушілер күніне 10,5 сағат балабақша қарауында болады. Бюджет есебінен таңғы ас, түскі ас, түстен кейінгі ас қарастырылған. тамақтандырады, бұдан басқа тәрбиеленушілер өз денсаулығына байланысты медициналық ем-шаралар, физиотерапия, массаж алады.

«Шағын орталықтарда – жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері – 18 066 теңге. Тәрбиеленушілер жарты күн бойы орталықтың қарауында болады. Бұл топтарда тамақтану қарастырылмаған.

Санаторийлік мектепке дейінгі балалар ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі – 78 840 теңге (оның ішінде ай сайынғы 16800 теңге тамақтандыру да кіреді). Тәрбиеленушілер күніне 10,5 сағат мамандар бақылауында болады. Бюджет есебінен берілетін таңғы ас, түскі ас, түстен кеінгі ас және кешкі астан бөлек, аталған ұйымдарда иммунитетті көтеру рәсімдері қарастырылған», - деп жазылған басқарманың ақпаратында.


Оралда тарихи Хан тоғайы азып кетпеуі үшін экопарк жасау керек – ғалым
Ұқсас жаңалықтар

Оралда тарихи Хан тоғайы азып кетпеуі үшін экопарк жасау керек – ғалым