Астанада балабақшаларға балалар қабылдау аяқталды

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Мектепке дейінгі мекемелерде балалар қабылдау аяқталды. 4276 балаға жолдама берілді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық білім басқармасынан мәлім етті.
None
None

Балабақшаға жолдама тұрғылықты жеріне қарай емес, орын болуына орай берілді. Бұған дейін astana.kz сайтында жазылғанындай, балабақшаларда 4276 орын босаған болатын.

«4276 орынның барлығы да (әр жылдары туған сәбилер үшін) бөлінді. Олардың: 3204 орны - кезекте тұрған балалар үшін (әр жылы дүниеге келген), 1072 орын - жеңілдік санатындағылар үшін (әр жылы дүниеге келген)»,- деп хабарлайды ведомстводан.

Сонымен қатар, басқармада мектепке дейінгі мекемеге жеңілдік санатында тұрған барлық бүлдіршіндерді орынмен қамту бір мезгілде мүмкін болмағандықтан, биыл жеңілдетілгендер қатарына ілікпеген құжаттар келесі 2014 жылы қаралатындығын атап көрсетті.

Сонымен бірге, шілде айында жұмыс тобының мүшелері еңбек демалысына кетеді және өздерінің жұмыстарын жаздың соңғы кезеңінде ғана бастайды.

Тамыз-шілде айларында кеңес алу үшін, 5-6 жастағы балаларға арналған қысқа мерзімді шағын орталыққа қабылдау жұмысы басталды. Шағын орталыққа жолдама алу үшін баланың туу туралы куәлігі және кезекке тұру түбіртегін өткізу керек. Жұмыс тобы әр сәрсенбі күні 10.00-ден - 17.00-ге дейін құжаттар қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум