Астанада балабақшаларға жоспардан тыс бала қабылдау басталды

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Елордада 25 ақпаннан 1 наурыз аралығында кезек бойынша жаңадан ашылған балабақшаларға балалар қабылдау жүргізілуде. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан мәлім етті.

Астанада балабақшаларға жоспардан тыс бала қабылдау басталды

Пайдалануға мына жаңа балабақшалар:

- Пригородный кенті, Сарытоғай к-сі, 9 үйдегі № 68 балабақша (Пригородный кенті)

- 23-31 к-сі, 41 үйдегі № 69 балабақша («Тұрсын-Астана» ТК)

- 23-31 к-сі, 39 үйдегі № 70 балабақша («Тұрсын-Астана» ТК)

- Жобалау к-сі, 36/3 үйдегі №199 балабақша («Жағалау» ТК «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығының артында) берілді.

Сондай-ақ, Білім басқармасы елорданың мектепке дейінгі мекемелерінде орынның толықтығына және зәрулігіне байланысты балаларды топтау кезінде ата-аналарының өтініштері бойынша жолдама берудің мүмкіндігі жоқтығын хабарлайды.

«Топтауға жазылмас бұрын жаңа балабақшаның орналасқан жерімен танысуыңызды сұраймыз. Егер балабақшаның орналасқан жері сіздің көңіліңізден шықпаса, 2013 жылы жоспарлы топтауға қатысуға құқығыңыз бар. Сіздің кезегіңіз сол күйі сақталады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін astana.kz сайтында хабарланғанындай, топтау 2013 жылдың 25 ақпанынан бастап № 26 мектеп мекен-жайында (Конституция к-сі, 44) жүргізілуде. Жұмыс тәртібі: күн сайын 10.00-ден 18.00-ге дейін. Үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Сенбі, жексенбі - демалыс күндері.