Астанада балабақшаның металл қоршауын ұрлаған ер адамдар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада балабақшаның 15 дана металл қоршауы ұрланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада балабақшаның металл қоршауын ұрлаған ер адамдар ұсталды

Байқоңыр ауданының полицейлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын сотталған 46 және 33 жастағы екі қала тұрғынын ұстаған. Олардың жұмыс істемейтін балабақшаны алдын ала байқап, ұрлыққа барғаны анықталды. Күндізгі уақытта құны 3 млн 760 мың теңге болатын 15 дана металл қоршауды алып шыққан. Ұрланған қоршауды күдіктілер металл қабылдау пунктіне тапсыруды жоспарлаған, алайда оларды полиция ұстады.

Күдіктілерге қатысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар кінәларын мойындады. Олардың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.