Астанада балалар арасында шахматтан турнир өтуде

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Астанада шахматтан 12 жасқа дейінгі балалар арасында қала чемпионаты өтуде.
None
None

Турнир балалар мен қыздар арасында үш жас санатында: 8, 10 және 12 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатыр.

«Шахматшылардың ұлттық одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Алмаз Жансағымовтың айтуынша, жүлдегерлер республикалық чемпионатқа қатысу мүмкіндігіне ие болмақ. Оның қорытындысы бойынша Бразилиядағы әлем чемпионаты мен 2011 жылдың мамырында Филиппинде өтетін Азия чемпионатына баратын Қазақстанның құрама командасы жасақталады.

«Қалалық турнирге 220-дан астам әуесқой шахматшылар қатысуда. Бұл елордада шахмат ойыны кеңінен таралып отырғанын көрсетеді», - деді А.Жансағымов.

Соңғы жаңалықтар