Астанада балалар былтыр қоғамдық көлікпен 17,8 млн рет жүрген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Былтыр Нұр-Сұлтан қаласында балалар 17,8 млн рет қоғамдық көлікпен жүрген. Бұл туралы CityTransportationSystems компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада балалар былтыр қоғамдық көлікпен 17,8 млн рет жүрген

«2021 жылы балалар 17 837 856 сапар жасады», - делінген компания ақпаратында.

Еске салсақ, елордада 18 жасқа толмаған балалар үшін автобустарда жол жүру тегін. Бірақ ол үшін оқушының көлік картасы қажет және автобустарда валидация жасау керек.

Оқушының көлік картасын Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайы бойынша Орталық кассадан, сондай-ақ transcard.kz сайт арқылы онлайн алуға болады.

Елорда автобустарына күн сайын дезинфекция жүргізілетінін бұған дейін жазған болатынбыз. Ол үшін 2800 литр дезерітінді жұмсалады. Қоғамдық көлікте маска тағу бұрынғыша міндетті.