Астанада балалар мерекесі бұрынғы және жаңа Оқушылар сарайында өтуде

Тек, іс-шаралардың өтетін орны мен уақыты өзгертілді. 1 маусымға жоспарланған барлық іс-шаралар бұрынғы және жаңа Оқушылар сарайына ауыстырылды. Басталуы - 11.00, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Бүгін «Балалық бойтұмары» ойын-сауық бағдарламасы мен «Балалар - елорда жүрегі» меркелік концерт балдырғандар назарына ұсынылады. Сондай-ақ «Таланттар мен жанкүйерлер» концерттік бағдарламасы, «Бәйтерек» хореографиялық ансамблі, «Жарық жұлдыз» би ансамблі, эстрадалық әндер студиялары: «Астана жастығы», «Ақша бұлттар», «Жұлдызды сәт», «Гүлдәурен», «Алтын дән» хореографиялық студиясы мен «Балдырған» халықтық циркі кішкентай көрермендерге шаттық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Сонымен қатар Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған мерекелік іс-шаралар ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында да өткізіледі. Мұнда 10.00-ден 13,00-ге дейін «Мұражайлық балалық трамвайы», 10.00-ден 17.00-ге дейін Қазіргі заман өнері мұражайында «Астана - маған, ал, мен сүйікті қалама...» балалардың көркем шығармашылық көрмесі ұйымдастырылады.
Сондай-ақ бүгін балғын астаналықтар үшін қала бойынша «Тегін жүру» акциясы жүріп, тегін балмұзақ пен шырындар үлестіріледі.