Астанада балалар үшін 125 келі тартатын мерекелік торт тарту етілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Керуен» сауда ойын-сауық кешенінде Астананың кішкентай тұрғындарына 125 келі мерекелік торт тарту етілді.

Астанада балалар үшін 125 келі тартатын мерекелік торт тарту етілді (ФОТО)

Аталмыш тортты жылдағысынша Happylon Corporation компаниясы пісірген болатын. Балалға үлкен мерекелік тортты тарту етумен қатар, көптеген ойындар ойнатылды.

«Балаларға арнап пісірілген торт 125 келі тартады. Мұндай тәттіні тарту ету бізде үлкен дәстүрге айналды. Былтыр қаланың кішкентай тұрғындарына 300 келі торт пісірілген болатын. Бұл тортты дайындау үшін кондитерлер екі күн тынбай еңбек етті. Бисквиттен жасалынған, оның барлығы мастикамен безендірілген. Торт өте дәмді екеніне сендіре аламын», - дейді аталмыш компанияның басқарушысы Ләззат Тұрсынбаева.

Тортты татып үлгермегендерге «МЕГА» сауда орталығында сағат 16:00-де дәл осындай торт ұсынылатын болады.