Астанада балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін джиу-джитсу мектебі ашылды
Бұл туралы Қазақстанның джиу-джитсу және аралас жекпе-жек түрлері бойынша федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Джиу-джитсу - қоян-қолтық жекпе-жектің және өзін-өзі қорғаудың әмбебап жүйесі. Ол шығыс этикасы мен фәлсафасына негізделіп, денсаулықты нығайтуға және өз-өзіңе деген сенімділікті қалыптастыруға, балаларды «көше өмірінің» кері әсерінен сақтауға сеп. Жетім балалар балғын кездерінен-ақ ата-аналарына бой түзеп, өздерінің тәртіптерін үйлестіруден ада қалатыны жасырын емес», - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Ұйымдастырушылардың байламынша, Астанада балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін ашылған алғашқы дәстүрлі джиу-джитсу мектебі еліміздегі аталмыш спорттың түрлерін дамытудың жаңа сатысына айналмақ.
Шара «Мен чемпионмын» республикалық әлеуметтік жобасының шеңберінде қолға алынған. Бастамаға Қазақстанның джиу-джитсу және аралас жекпе-жек түрлері бойынша федерациясы мен Kcell компаниясы мұрындық болды.