Астанада балаларды көлікпен тасымалдау қауіпсіздігін қолдау мақсатында автошеру өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 ақпанда елорда көшелерінде жолаушы балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының салдарын төмендету, балалардың жол апаты салдарынан жарақаттануының алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында «Бала - басты жолаушы» атты автошеру өтеді.

Астанада балаларды көлікпен тасымалдау қауіпсіздігін қолдау мақсатында автошеру өтеді

Автошеруге жарыс автокөліктері, такси көліктері мен көлік жүргізуді үйрететін оқу орталықтарының жүргізушілері қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен. Автошеру «Жастар» сарайының алдынан басталып, «Думан» ойын-сауық орталығының автотұрағында мәресіне жетеді. Сол жерде елорда тұрғындарына арнайы мамандар мен полицейлер баланы көлікке бекітіп отырғызу құралдарының автокөлікте пайдаланылуының қажеттілігі туралы айтып, оның қалай дұрыс орнатылатынын көрсетеді. Сондай-ақ полицейлер оқушылармен бірге жүргізушілерге ақпараттық кітапшалар таратады. Осы акцияны ұйымдастыру арқылы Астана қ. ІІД Әкімшілік полиция басқармасы барлық жүргізушілерді балаларды көлік құралдарында арнайы автокреслоларды немесе балаларға арналған бекіту құралдарын пайдаланып тасымалдауға үндейді.