Астанада балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мәселесі талқыланды
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандағы №150 балалар мен жастарған арналған ұлттық сенім телефон желісіне 2009 жылдан бері 598 661 қоңырау келіп түсті.
Соның ішінде 16 580-інде құқықтары тапталған мәселесі бойынша жеткіншектер хабарласқан. Бұл жайында бүгін Астанадағы «Нұр Отан» ХДП-ның орталық аппаратында балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау тақырыбына арналған дөңгелек үстелде мәлім болды.
«Балалар тұрмыстық зорлық-зомбылық тұрғысында өте қорғансыз. Өкінішке қарай, осындай теріс әрекеттер біздің қоғамдарда әлі де бар. Біздің орталық қызметінде жасөспірімдер мүддесін қорғауға негізделген бірнеше негізгі жобалар қамтылуда»,-деді Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер.
Дөңгелек үстелде жасөспірім қыздардың заңнамалық мүддесін қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы мемлекеттік саясат мәселесі, адам саудасымен күресу, балалар құқын қорғау секілді мәселелер қаралды.
Айта кетейік, бүгінгі осы жиын барасында «№150 балалар мен жастарған арналған ұлттық сенім телефон желісінің» дамуына үлес қосқандығы үшін жылсайынғы аталымы бойынша марапаттау рәсімі өтті.