Астанада балалары түнде қараусыз жүрген 80 ата-ана жауапқа тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында түнгі рейд ұйымдастырды. Бұл туралы ҚазАқпарат ЕлордаИнфо сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада балалары түнде қараусыз жүрген 80 ата-ана жауапқа тартылды

«2018 жылдың 2-4 қарашасы аралығында, оқушылар кезекті демалыстарында жүргенде тәртіп сақшылары тарапынан арнайы рейд ұйымдастырылды. Рейд жұмыстарының қорытындысы бойынша, 80 адам жауапқа тартылды. Бұған қоса түнгі уақытта заңды қамқоршыларының жоқтығына қарамастан кәмелетке толмағандардың көңіл көтеретін орындарда емін-еркін жүруіне жол берген 10 көңіл көтеру нысанының басшысы әкімшілік жауапқа тартылды», делінген хабарамада.

Астана әкімдігінің кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 20 жасөспірім жеткізілді.