Астанада «Балаларыңды ұмытпа - алимент төле!» акциясы өтіп жатыр

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Елордада 4 ақпаннан бері «Балаларыңды ұмытпа - алимент төле!» акциясы өтіп жатыр.

Астанада «Балаларыңды ұмытпа  - алимент төле!» акциясы өтіп жатыр

4 наурызға дейін жалғасатын бұл шара туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.

Акция барысында борышкерлердің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша рейд өткізіледі. Олардың қаржы көздерін анықтау үшін мүліктік жағдайлары тексеріліп, борышкерлердің жалақысынан алименттерді уақытында ұстау мен аудару бойынша ұйымдардың бухгалтерияларына тексеру жүргізіледі. Сонымен бірге, ішкі істер органдарымен бірлесіп іздеу жарияланған борышкерлердің тұратын жерлерін анықтау мен оларды табу шараларын өткізу жоспарланған.

Тоқтала кететін жайт, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша 5 799 орындаушылық құжат бар. Соның 658-і немесе әрбір тоғызыншы борышкер өз балаларына ерікті түрде алимент төлейді, ал 12 261 борышкерден алимент төлемдері мәжбүрлі түрде өндіріп алынады.