Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлауына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Астанада жосықсыз құрылыс салғандарға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр
Фото: Kazinform

«Нұра ауданының Полиция басқармасы қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Бұған дейін елордада көпқабатты тұрғын үйден шыға берген баланың үстіне үйдің қасбетіндегі қаптама құлағаны туралы хабарлаған едік.

Баланың жағдайына қатысты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.