Астанада баласын жалғыз қалдырып кеткен ананы іздеп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Желіде көшеде жалғыз жүрген 3-4 жасар баланың табылғаны жайлы ақпарат тарады.  Аталған жағдай бойынша Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Астанада баласын жалғыз қалдырып кеткен ананы іздеп жатыр
Фото: әлеуметтік желі

- Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланың басын қауіп-қатерге тігу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір табылған бала профилактикалық мақсатта медициналық мекемеге орналастырылды, - делінген хабарламада.

Қазір полиция баланың анасын іздеп жатыр.

Сондай-ақ, Көліктегі полиция департаментінен Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтыны ескертілді.

Айта кетсек, жаңа жыл қарсаңында төтенше жағдайлар мамандары қамалып қалған 4 баланы құтқарды. 

Соңғы жаңалықтар