Астанада балық аулаудан жарыс өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана күні мерекесін тойлау қарсаңында 2 шілдеде елордада Астана қаласы әкімдігі «ЖасНұр» кәсіпорнының бастамасымен Қоянды су қоймасында балық ұстау жарысы өткізіледі.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын жарысқа белсене араласып, қатысуға шақырады.
Шараның бағдарламасында жарыс қатысушылары үшін түскі ас, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау, арқан тартыс, қолкүрес бойынша жарыс қарастырылған.
Жарысқа қатысу үшін өтініш қабылданып жатыр.