Астанада Бараев көшесі мен Республика даңғылының қиылысындағы тоннель уақытша жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жөндеу жұмыстарына байланысты 2015 жылдың 17-29 қарашасы аралығында елордадағы Бараев көшесі мен Республика даңғылының қиылысындағы көлік тоннелі жабылады.

Астанада Бараев көшесі мен Республика даңғылының қиылысындағы тоннель уақытша жабылады

Бұл туралы елорданың жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.

Ақпараттандыру үшін жолдағы тиісті ескерту және тыйым салу белгілері орнатылады.

Сондай-ақ ведомствода жолдағы кептелістің алдын алу үшін жүргізушілерге өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды ұсынды.