Астанада Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ғимаратында өрт болды

АНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің 4 қабатты ғимаратында өрт болды.

Астанада Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ғимаратында өрт болды

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, өрт кеше, 18 қаңтар күні таңертеңгі сағат сегізде әкімшілік ғимараттың екінші қабатында орналасқан кабинеттердің бірінен шықты. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 59 шаршы метрді құрады.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы құрылымының 41 адамы мен 5 техниканың күшімен екі сағатта ауыздықталды.