Астанада Бас прокуратураның жаңадан салынып жатқан нысанынан жұмысшы құлап кетті
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Астанада жаңадан салынып жатқан Бас прокуратураның құрылыс нысанынан жұмысшы құлап кетті.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, оқиға сәрсенбі күні, түскі сағат 1-де болды. «СК Құлагер» ЖШС-ның 20 жастағы жұмысшысы Орынбор мен Сығанақ көшелерінің қиылысында бой көтеріп жатқан Бас прокуратураның жаңа нысанының үшінші қабатынан екінші қабатқа құлап кеткен. Ол түрлі жарақаттармен аруханаға жеткізілді.