Астанада Батыс айналма жол бойынша қозғалыс ашылды

None
None
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Астанада қазанның 7-нен 8-не қараған түні №12, 14, Угольная көшесінен Ш.Бейсекова көшесіне дейінгі учаскеде Кіші көліктік айналма жолдың құрамына кіретін Батыс айналма жол бойынша қозғалыс ашылды. Бұл туралы бүгін қаланың аталған бөлігіндегі қозғалыстың ашылуына арналған баспасөз мәслихатында белгілі болды.

«Биыл жалпы қаладағы қозғалысты жеңілдетуге жол беретін Ш.Бейсекова көшесінде қозғалыс ашылды. Кіші көлік айналма жолының ұзындығы 35 шақырым. Бүгінгі таңда 20,5 шақырым жолдың құрылысы аяқталды. Бұл айналма жол қаланың орталық бөлігіне түсетін салмақты азайтады, тәулігіне 90 мың көлікті өткізе алады. Бейсекова көшесі оң жағалаудан сол жағалау бағытындағы негізгі көлік ағыны болып табылады. Ол Сарыарқа (Тұран) даңғылындағы қозғалысты жеңілдетпек. Өздеріңіз білетіндей, Сарыарқа (Тұран) даңғылымен тәулігіне 70 мың көлік жүріп өтеді. Соның ішінде 10%-ға жуығы - жүк көліктері. Біз көлік ағынын 25-30% төмендетеміз», - деп хабарлады елордалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рашид Аманжолов.

Айта кетейік, Тұран даңғылындағы көпір арқылы орта есеппен тәулігіне 70 мың көлік жүріп өтеді. Бұл ретте, Есіл өзені арқылы Ш.Бейсекова көшесі бойынша қозғалысты ашу Тұран даңғылы, Сарыарқа, Тілендиев және Сейфуллин көшелеріндегі көлік тығыздығын 40% азайтады.

Аstana.kz сайтының жазуынша, бірінші кезекте, бұл бағыттар бойынша бөгелу жағдайларының орын алуының себебі болып табылатын Астана қаласы арқылы өтетін үлкен жүк көліктерінің жүруі тоқтатылады. Жалпы алғанда, Кіші көлік айналма жолы, аталған магистральдардан басқа, Бөгенбай батыр, Абылай хан, Ш. Кұдайбердіұлы, Жеңіс, Момышұлы даңғылдарындағы және Қорғалжын тас жолындағы көлік тығыздығын азайтуға септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар