Астанада баукеспе ұры өзінің әрекетін видеоға түсіріп отырған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада полицейлер бір түнде 5 ұрлық жасады деген күдікпен Ақмола облысының 28 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық полиция қызметінің ақпаратына қарағанда, машина салонынан зат ұрлауға құныққан күдікті бір сценарий бойынша әрекет еткен - жәбірленушілердің автомобилінің құлпын бұзып кіріп, салондағы автомагнитолаларды, көлік иелерінің жеке бұйымдарын, т.б. қолды еткен.

«Ұрлықтың бәрі түнгі екі мен таңғы бестің аралығында болған. Ол кез келген маркадағы көлікті тонайтын болған», - делінген хабарламада.

Күдікті өзінің әрекетін телефонымен видеоға түсіріп отырған.

«Ер адам ұрлық жасаумен шектелмей, машинаға барынша залал келтіруге тырысып, салондағы детальдарды сындыра берген», - дейді полицейлер.

10 қыркүйекте күдікті ұсталды, бұдан тыс, оның әрекеттері видеобақылау камераларына да түсіп қалған. Белгілі болғанындай, ол бұған дейін де «тонау» бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылған екен.

Ер адам тергеу кезінде бес ұрлық фактісі бойынша айыбын мойындаған. Тәркіленген бұйымдар иелеріне қайтарылды.

Күдікті ІІД тергеу изоляторына жіберілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр. Сондай-ақ полицейлер күдіктінің қала аумағындағы осы тақылеттес басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар